Мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Қазақ тілі әлеміне қош келдіңіздер!» атты дәстүрлі онкүндік жоспарына сәйкес, 03.03.2026 күні 2 "А" сыныбында «Дастарқан ажары – бауырсақ» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Пән мұғалімі: Кунанбаева Ж.Т.
Сабақ барысында оқушылар қазақтың ұлттық тағамы – бауырсақ туралы мағлұмат алып, оның дастарқандағы орны мен маңызын танып білді. Түрлі қызықты тапсырмалар орындап, өз ойларын еркін жеткізіп, белсенділік танытты.
Бауырсақ – береке мен бірліктің, қонақжайлылықтың белгісі.
Осындай тағылымы мол сабақтар арқылы оқушыларымыздың тіл байлығы артып, ұлттық құндылықтарға деген құрметі нығая түсуде.
Ұлттық тағам – ұлт мақтанышы!