Мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Қазақ тілі әлеміне қош келдіңіздер!» атты дәстүрлі онкүндік жоспарына сәйкес, 03.03.2026 күні 5 "Б" сыныбында «Компьютердің пайдасы мен зияны» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Пән мұғалімі: Бердыгожаева Р.Т.
Сабақ барысында оқушылар компьютердің адам өміріндегі маңызы, оның пайдалы тұстары мен зиянды әсерлері туралы ой бөлісті. Топтық жұмыстар орындап, пікірталас ұйымдастырып, өз көзқарастарын дәлелдей білді.
Білім мен технологияны ұштастырған бұл сабақ оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытып, ақпаратты дұрыс әрі тиімді пайдалануға үйретті.
Заманауи білім – жарқын болашақ кепілі!