Іс-шара барысында оқушылар қазақ халқының ұлттық тағамдары туралы мағлұмат алып, салт-дәстүрмен танысып, өз өнерлерін ортаға салды.
Ұлттық құндылықтарды дәріптеген мазмұнды әрі тағылымы мол кеш жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Іс-шара жетекшісі - Таматаева А.Ш.
Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар оқушылардың қызығушылығын арттырып, рухани дүниесін байыта түседі.