Информатика апталығы аясында 2-сынып оқушылары арасында «Компьютерлік экспресс» атты танымдық викторина өтті!
Оқушылар қызықты бекеттер бойынша саяхат жасап, түрлі тапсырмаларды орындады, сұрақтарға жауап берді, жұмбақтарды шешіп, информатика саласындағы білімдерін көрсетті. Қатысушылар тапқырлықтарын, зейінділіктерін және топпен жұмыс жасау дағдыларын танытты.
Іс-шара көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, балаларға жаңа білім мен жарқын әсер сыйлады. Барлық қатысушыларға белсенділіктері мен білімге деген қызығушылықтары үшін алғыс айтамыз!
Информатика пәнінің мұғалімі: Медведева Валентина Олеговна