Іс-шара барысында оқушылар ұшқыш улы заттардың адам денсаулығына қауіптілігі, олардың таралу жолдары және сақтық шаралары туралы маңызды мәліметтер алды. Оқушылар тақырыпты қызығушылықпен меңгеріп, өз ойларымен бөлісті, сұрақтарға белсенді жауап берді.
Сабақ барысында 8 «А» сынып оқушылары өз беттерімен постер дайындап, тақырып бойынша алған білімдерін ортаға салды. Оқушылардың белсенділігі мен ынтасы олардың қауіпсіздік ережелерін жақсы түсінгенін көрсетті.
Осындай танымдық іс-шаралар оқушылардың өмір қауіпсіздігіне деген жауапкершілігін арттырып, сақтық мәдениетін қалыптастырады.