19.05.2026 жылы КММ «№10 орта мектебінің» 4 «В» сыныбында информатика пәнінен «Болашақ компьютері» атты мини-жоба тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақ барысында оқушылар өткен материалдарды қайталап, кейін «анимация жәшігі» мен презентация арқылы 3 топқа бөлінді.
Практикалық бөлімде оқушылар:
Scratch 3 бағдарламасында жұптық жұмыс орындады;
топпен жұмыс жасап, түрлі тақырыптар бойынша презентациялар дайындады;
қызықты сұрақтарға жауап беріп, шығармашылық тапсырмалар орындады.
Сабақ соңында оқушылар QR-код арқылы жеке тапсырмалар орындап, бір-бірінің жұмыстарын бағалап, көтеріңкі көңіл күй мен жағымды эмоцияларға бөленді.
Сабақта жасанды интеллекттің заманауи платформалары белсенді қолданылып, оқу үдерісін одан әрі қызықты әрі танымды етті.
Ашық сабақты информатика пәнінің мұғалімі Серікова Мәдина Қанатқызы өткізді.