2026 жылғы 21 мамырда «№10 орта мектебі» КММ-де информатика апталығы аясында барлық сынып оқушыларына арналған қызықты роботтар көрмесі өтті
Оқушыларға робототехникадан түрлі жарыс түрлері таныстырылды:
Robotech (2013–2017 ж.т.)
Инверстік сызық бойымен жарыс (2013–2017 ж.т.)
Жеткізуші робот
Робо-сумо
және робототехниканың басқа да қызықты бағыттары көрсетілді.
Оқушылар роботтардың жұмысын үлкен қызығушылықпен бақылап, заманауи технологиялар мен робототехниканың мүмкіндіктерімен танысты. Іс-шара жарқын, танымды өтіп, барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады!
Жауапты мұғалім: Ольга Федоровна Бабина