«Қатты денелердің қысымы» тақырыбын оқыту барысында оқушылар STEAM тәсілі бойынша жұмыс жасап, ғылым, технология, инженерия, шығармашылық пен математиканы біріктірді.
Оқушылар тірек ауданы мен әсер етуші күшке байланысты қысымның қалай өзгеретінін зерттеп, тәжірибелік жұмыстар жүргізді, алынған нәтижелерді талдап, қорытындылар жасады.
Осындай сабақ түрі физикалық заңдарды тереңірек түсінуге мүмкіндік беріп қана қоймай, оқушылардың сыни ойлауын, зерттеушілік дағдыларын және пәнге деген қызығушылығын арттырады.