25 желтоқсанда мектебімізде ағылшын тілі пәнінен «Christmas fairytale» атты сыныптан тыс іс-шара өтті.
Іс-шара ағылшын тілді елдерде Рождество мерекесін атап өтуге арналды. Оқушылар мерекенің тарихы мен дәстүрлерімен танысып, өлеңдер оқыды, би биледі және Рождествоға арналған әлемге әйгілі әндерді орындады. Бұл іс-шара достық атмосфераға толы болып, фестивальге қатысушылар мен қонақтарға көптеген жағымды эмоциялар сыйлады!