Бастауыш сыныптардың пәндік апталығы
20 қаңтардаі пәндік апталығы аясында 3 «Б» сыныбында Ольга Александровна Шмакованың математика пәнінен ашық сабағы өтті.
Сабақтың тақырыбы — «Күрделі теңдеулер».
Оқушылар сабақ барысында белсенді жұмыс жасап, өз ойларын дәлелдеп, стандарттан тыс шешімдер тауып, тапқырлықтары мен білімдерін көрсетті. Сабақ мазмұнды, қызықты әрі танымдық деңгейде өтті
Осындай сабақтар математикалық ойлауды дамытып қана қоймай, оқушылардың өз күшіне деген сенімін арттырады.
Ольга Александровнаға кәсібилігі мен шабыт сыйлаған еңбегі үшін алғысымызды білдіреміз!