Сабақ барысында оқушылар Джек Лондонның «Өмірге махаббат» хикаяты негізінде адам бойындағы ең маңызды қасиеттер — рух күші, төзімділік, шыдамдылық пен батылдық туралы ой бөлісті.
Шығарманың басты идеясы — қандай қиындық болса да, өмірді бағалап, соңына дейін күресу. Бұл ой пікірталастың негізгі өзегіне айналды.
Оқушылар ағылшын тілінде өз пікірлерін еркін жеткізіп, талқылап, дәлелдер келтіріп, өз көзқарастарын қорғады
Осындай сабақтар тек тілдік дағдыларды дамытып қана қоймай, терең ойлауға, жанашыр болуға және өмірлік маңызды қорытындылар жасауға үйретеді.
Мұғалім: Антонина Александровна Теребова