Информатика апталығы аясында 1-сыныпта «Лабиринттен шығу» тақырыбында ашық ИКТ сабағын Медведева Валентина Олеговна өткізді.
Сабақ барысында оқушылар алгоритм құруды үйреніп, лабиринттен шығу жолдарын анықтады, жұппен жұмыс жасап, компьютерде практикалық тапсырмалар орындады. Оқушылар белсенді қатысып, логикалық ойлау, зейін және цифрлық дағдыларын дамытты.
Сабақ қызықты әрі танымды өтті. Барлық оқушылар тапсырмаларды сәтті орындап, жақсы нәтижелер көрсетті!