Мектеп — жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін мекеме, білім беру жүйесінің негізгі буыны. Басты нысаны – балаға сапалы білім беру.
071300, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы, Тоқтаров к., 17а
8 (72336) 4-48-40
8 (72336) 4 -41-69
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Мектеп — жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін мекеме, білім беру жүйесінің негізгі буыны. Басты нысаны – балаға сапалы білім беру.
Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 10 орта мектебі КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Аты - жөні: Михаил Александрович Колганов

Лауазымы: алғашқы әскери және технологиялық дайындықтың оқытушы - ұйымдастырушысы

Еңбек өтілі: 26 жыл (педагогикалық өтілі - 9 жыл)

Білімі: жоғары

* Қазақ спорт және туризм академиясы (дене шынықтыру пәнінің оқытушысы, жеңіл атлетикадан жаттықтырушы);

* Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті («Электр энергетикасы» мамандығы бойынша техника және технология бакалавры).

Әскери қызметі және құқық қорғау органдарындағы қызметі:

* 1999 жылғы қарашадан 2001 жылғы желтоқсанға дейін - Қазақстан Республикасының ІІМ Ішкі әскерлерінің 5518 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызмет;

* 2001 жылғы желтоқсаннан 2006 жылғы қарашаға дейін - келісімшарт бойынша әскери қызмет (ҚР ІІМ Ішкі әскерлері Бас басқармасының дене және жауынгерлік даярлық жөніндегі нұсқаушысы);

* 2009 жылғы мамырдан 2023 жылғы маусымға дейін - ішкі істер органдарында және азаматтық қорғау органдарында қызмет атқарды.

Өрт сөндіруші - құтқарушыдан Риддер қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманына дейінгі қызмет жолынан өтті.

Әскери атағы: сержант

Арнайы атағы: азаматтық қорғау майоры

Марапаттары:

* «10 жыл Астана» медалі;

* «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» I, II, III дәрежелі медальдары.

Жеке жетістіктері:

* Риддер қаласының Құрметті азаматы;

* Жеңіл атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері;

* 1999 - 2006 жылдары Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасының мүшесі;

* Орта қашықтыққа жүгіруден Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін жеңімпазы және рекордшысы;

* Шығыс Азия ойындарының чемпионы (800 м және 1500 м, Осака қ., Жапония, 2001 ж.);

* Азия чемпионы (800 м, Коломбо қ., Шри-Ланка, 2002 ж.);

* Әлем кубогының қатысушысы (Мадрид қ., Испания, 2002 ж., 800 м - 7 орын);

* Олимпиада ойындарының қатысушысы (Афины қ., Грекия, 2004 ж.).

Алғыс хаттар:

* Қала және облыс әкімдерінен;

* 2001 жылы - Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты;

* 2017 жылы - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің Алғыс хаты.

Өмірлік ұстанымы:

«Қозғалыс - бұл өмір, ал өмір - қозғалыс».

Хоббиі: Ұстанымына сай барлық белсенді іс-әрекеттер: жүгіру, жүзу, велосипед тебу, шаңғы, тауға жорықтар және т.б.