Анастасия Вячеславовна Алмуратова - тарих пен қоғамдық пәндердің мұғалімі.
Жүрегі кең, балаларға шын жүректен махаббатпен қарайтын ұстаз. Әрбір оқушыны қызықтыра білетін, жаңа ашылымдарға және өз күшіне сенуге ынталандыратын маман. Әрқашан жігерлі, көңілді, жаңа білім алуға ашық - себебі өзі де Барнауыл қаласындағы Алтай мемлекеттік педагогикалық университетінің магистратурасында оқып, өз біліктілігін арттырып келеді.
«№10 орта мектебі» КММ-де еңбек өтілі - 23 жыл
2002 жылғы 1 қыркүйектен бастап, Өскемен қаласының ШҚМУ тәмамдап, 10 мектепте тарих пәні мұғалімі болып жұмыс істей бастады. Кәсіби деңгейін жыл сайын арттырады қалалық, облыстық және Республикалық маңызы бар ашық сабақтар, шеберлік сыныптары, конференциялар арқылы тарихшылармен тәжірибе алмасады.
Анастасия Вячеславовна - педагог-сарапшы. Оның оқушылары тарих пәнінен қалалық, облыстық және республикалық ғылыми жобаларға, олимпиадалар мен байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болады. Ол оқушылар үшін ұстаз ғана емес, жол көрсетуші әрі дос, өткен тарих әлеміне тартады, тарих сабақтарын өмірге байланыстыра түсінуге көмектеседі. Әріптестері үшін сенімді тірек әрі позитивтің қайнар көзі.
2002 жылдан бері Анастасия Вячеславовна мейірімді әрі даналыққа толы сынып жетекшісі болып келеді, бірнеше буын оқушылардың тәрбиесіне атсалысқан. Ол балаларды өз үлгісімен ынталандырады, әрқайсысының қабілетін ашуға және өзіне сенуге көмектеседі.
Оның ұраны: «Қорқасың ба - жасама, жасайсыңба - қорықпа».
Жұмыстан тыс уақытта спортпен белсенді айналысады: жүгіру, табата, пилатес, реформер қозғалыс - күш пен үйлесімнің қайнар көзі деп сенеді.
