Алия Сайдуевна Баянбаева - орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Педагогикалық өтілі - 26 жыл
Белсенді өмірлік ұстанымы бар шығармашыл ұстаз. Өзін-өзі дамыту мен кәсіби шеберлігін жетілдіру бағытында үнемі жұмыс істейді, біліктілікті арттыру курстарынан өтіп отырады, педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесіне ие.
Педагог-модератор.
Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың сөйлеу әрекетін жандандыру мақсатында белсенді оқыту түрлері мен әдістерін тиімді қолданады. Мұғалімнің талаптары мен сабақ мазмұны тәрбие бағдарламасына сәйкес оқушылардың азаматтық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.
Оқушылары мектептік, облыстық, республикалық олимпиадалар мен іс-шараларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр.
Мұғалім әдістемелік бірлестіктің жұмысына белсенді қатысады, орыс тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізеді.
Сынып жетекшісі ретінде бірнеше буынды түлетіп шығарып, олардың өмірлік әлеуетін ашуға, елге лайықты азамат болып қалыптасуына қолдау көрсетті.
Талапшыл, сыпайы, еңбекқор. Ұжымда сый-құрметке ие.
Ұстаздың ұстанатын өмірлік ұраны - «Іздену, сынау, шығармашылыққа ұмтылу, дамуға талпыну!»
Жұмыстан тыс уақытта отбасына, үйіне көңіл бөледі, маусымдық кезеңде бау-бақша күтімімен айналысады, қолөнерді, көркем әдебиет оқуды, танымдық және көркем фильмдер көргенді ұнатады.
