Мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» бағдарламасы аясында «Туған өлке табиғаты поэзияда» тақырыбына сынып сағаты өтті.
Оқушылар жергілікті ақындардың: И.Немцевтің, Ю.Манаковтың, К.Первушиннің, Л.Гришконың шығармаларымен танысты.
Поэзия оқушыларға туған өлкенің табиғатының сұлулығын сезінуге, сондай - ақ дарынды жерлестерімізге деген мақтаныш сезімін оятуға көмектесті.