Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «№10 орта мектебі» КММ-нің кітапханасында «Құқық әлемі» атты құқықтық ақпарат бұрышы ұйымдастырылды. Ол оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, олардың құқықтары мен міндеттері туралы білімін кеңейтуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына құрмет сезімін дамытуға бағытталған.