5 «В» сыныбында «Міндетсіз құқық болмайды» тақырыбына сынып сағаты өтті.
Сабақ барысында оқушылар өз құқықтары мен міндеттері туралы білімдерімен белсенді бөлісіп, жауапкершілік пен айналасындағыларға құрметпен қараудың маңыздылығы жөнінде ой қозғады.
Осындай сынып сағаттары оқушылардың құқықтық санасын қалыптастырып, өз іс-әрекеттеріне саналы көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді.