«№10 орта мектеп» КММ - де мектеп кітапханасында «Қазақстан жолы: тарих, бүгін, болашақ» атты кітаптық - ақпараттық көрме өтті.
Көрме оқушыларды Қазақстан тарихының негізгі кезеңдерімен, заманауи мемлекеттің жетістіктерімен және елдің болашағына деген көзқарастарымен таныстырды. Экспозицияда тәуелсіз Қазақстанның даму жолын, оның мәдени мұрасын және құндылықтарын ашып көрсететін кітаптар, энциклопедиялар мен ақпараттық материалдар ұсынылды.
Іс - шара оқушылардың үлкен қызығушылығын тудырып, олардың дүниетанымын кеңейтуге, азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және туған елінің тарихына құрметпен қарауға ықпал етті.
Кітапхана - білімнің, жадының және шабыттың ордасы!