«№10 орта мектебі» КММ—нің 4 «В» сынып оқушылары қалалық кітапханада өткен «Ұлы Жеңістің жаңғырығы» атты іс-шараға белсене қатысты
Кездесу барысында оқушылар тарихтың қаһармандық беттері туралы мол мағлұмат алып, Отан қорғаушыларды еске алып, Ұлы Жеңістің қазіргі және келешек ұрпақ үшін маңызын талқылады
Іс-шара оқушыларға бейбітшіліктің, ерлік пен патриотизмнің қадірін тереңірек түсінуге, сондай-ақ өз халқының ерлігіне деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға ықпал етті
Осындай кездесулер өскелең ұрпақтың тарихқа деген құрметін арттырып, азаматтық жауапкершілік сезімін тәрбиелейді