«Оқуға құштар мектеп» бағдарламасы аясында кітапханада 6 «А» сынып оқушыларының қатысуымен «Біз - оқитын отбасы» атты қызықты викторина өтті. Оқушылар өздерінің сүйікті әдеби шығармаларымен бөлісіп, оқуға шабыт беретін дүниелер туралы айтып берді, сондай - ақ белгілі балалар жазушыларының шығармалары бойынша қойылған сұрақтарға қызығушылықпен жауап берді. Іс - шара жылы да достық ортада өтіп, кітаппен уақыт өткізудің қаншалықты маңызды әрі жағымды екендігін тағы да еске салды.