Балалар кітабы апталығы аясында «№10 орта мектебі» КММ - де 1 «Б» сынып оқушыларына арналған «Белгісіз соқпақтарда» атты ертегілердің қызықты ойын-викторинас өткізілді.
Оқушылар сүйікті ертегілерінің парақтары арқылы нағыз саяхатқа аттанды: кейіпкерлерін тауып, сиқырлы заттарды еске түсірді, жұмбақтарды шешіп, сұрақтарға үлкен қызығушылықпен жауап берді.
Іс-шара көңілді әрі танымдық деңгейде өтіп, оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Себебі ертегі – бұл тек ғажайыптар ғана емес, сонымен қатар мейірімділік, достық пен жақсыға деген сенім!
Белсенді әрі ізденімпаз бірінші сынып оқушыларына қатысқандары үшін алғысымызды білдіреміз!