9-сынып оқушыларымен «Әзілмен және байыппен адам құқықтары туралы» атты әңгіме-викторина өткізілді
Оқушылар Бала құқықтары туралы Конвенцияның баптарын еске түсіріп, пікірталасқа белсене қатысып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарға жауап берді.
Іс-шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыруға, өз құқықтары мен міндеттеріне жауапкершілікпен қарауға ықпал етті.