Балалар кітабы апталығы аясында 3 «Б» сынып оқушылары «Андерсеннің сиқырлы ертегілер әлемі» атты қызықты викторинаға қатысты.
Оқушылар сүйікті шығармаларын еске түсіріп, қызықты сұрақтарға жауап берді, кейіпкерлерді сипаттамасы бойынша танып, ертегілерді жақсы білетіндерін көрсетті. Викторина жылы әрі достық ортада өтіп, балаларға көтеріңкі көңіл-күй мен кітап оқуға деген шабыт сыйлады.
Осындай іс-шаралар әдебиетке деген қызығушылықты арттырып, оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, кітапқа деген сүйіспеншілікті ерте жастан қалыптастыруға ықпал етеді.