Оқушылар математика және әдебиет пәндерінен сұрақтарға үлкен қызығушылықпен жауап беріп, өз білімдерін, тапқырлықтарын және топпен жұмыс істеу дағдыларын көрсетті. Әр дұрыс жауап үшін қатысушылар «Умы-Бабки» жинап, ол олардың белсенділігі мен еңбегінің символдық марапатына айналды
Ойын қызықты тартысқа, достық бәсекелестікке және жағымды эмоцияларға толы болды. Осындай іс-шаралар оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырып, өзіне деген сенімділігін нығайтып, білімге деген сүйіспеншілігін қалыптастырады!