«№10 орта мектебі» КММ-нің 9-сыныптарында кәсіби бағдлау бойынша
«Жауапты әрі маңызды мамандықтар» тақырыбына сыныптан тыс іс-шаралар өтті.Оқушылар Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы мамандықтардың алуан түрлілігімен танысып, олардың азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы, заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі рөлі туралы мағлұмат алды.
Іс-шара жоғары сынып оқушыларының дүниетанымын кеңейтуге, құқық қорғау қызметінің маңызын түсінуге және құқықтық мемлекетке деген азаматтық жауапкершілік пен тиесілілік сезімін нығайтуға ықпал етті 🇰🇿
Оқушылар тергеуші, полиция қызметкері және заңгер мамандықтарын «сынап көріп», олардың тек беделін ғана емес, сонымен қатар жауапкершілігін, күрделілігі мен маңыздылығын да түсінді. Осындай тәжірибе мектеп оқушыларына болашақ мамандығы мен өмірлік жолын саналы түрде таңдауға көмектеседі.
{gallery}/is11/4{/gallery}