Сынып сағаты барысында оқушылар мамандықтар әлемі туралы білімдерін кеңейтіп, викторинаға белсенді қатысып, алдағы 10–15 жылда сұранысқа ие болатын мамандықтармен танысты.
Шығыс Қазақстан облысы үшін өзекті мамандықтарға ерекше назар аударылды. Оқушылар мектеп пәндерінің болашақ кәсіби қызметпен және еңбек нарығының заманауи талаптарымен қалай байланысты екенін көрді.
Оқушылар өз армандары мен болашақ жоспарлары туралы қызығушылықпен бөлісіп, ең бастысы — болашақ бүгіннен, мектеп партасынан басталатынын түсінді
Іс-шара оқушылардың үлкен қызығушылығын тудырып, 7-сынып оқушыларымен жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұмысының маңызды кезеңіне айналды.