«№10 орта мектебі» КММ -де 10–11-сынып оқушыларының Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясының өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесу барысында оқушылар Ұлттық ұланның құрылымы, негізгі міндеттері мен күнделікті қызметі туралы жан-жақты ақпарат алып, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы академиясына түсу тәртібі мен шарттары жөнінде мағлұмат алды.