«№10 орта мектебі» КММ—нің 9-сыныптарында кәсіби бағдарлау іс-шарасы
«№10 орта мектебі» КММ—нің 9-сыныптарында АПҚО (ата—аналарды педагогикалық қолдау орталығы) қызметі аясында оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ құқық қорғау органдары мамандықтарының беделі мен маңыздылығын түсіндіруге бағытталған кәсіби бағдарлау іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында мамандық өкілі — сот орындаушысымен кездесу ұйымдастырылды.
Оқушылар аталған мамандықтың ерекшеліктерімен танысып, оның құқық пен психология тоғысындағы күрделі, жауапты әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылған қызмет екендігін түсінді.
Мектеп оқушылары кәсіби білім алуға болатын оқу орындары туралы толық ақпарат алып, табысты оқуға түсуге дайындық бойынша ұсыныстармен танысты.
Жоғары сынып оқушылары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жан-жақты жауаптар алды.
Осындай кездесулер оқушыларға болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға және жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыруға көмектеседі