Оқушылар тапқырлық пен зеректікке арналған ойындарға үлкен қызығушылықпен қатысып, мамандықтарға байланысты тапсырмаларды шешіп, әртүрлі рөлдерді байқап көрді.
Интерактивті формат бесінші сынып оқушыларына:
- топтық жұмыс дағдыларын дамытуға
- мектеп пәндерінің болашақ мамандықтармен байланысын көруге
- мамандық таңдаудың маңыздылығы туралы ойлануға
- өз қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтауға көмектесті
Іс-шара жарқын, танымдық әрі шабыттандыратын түрде өтті!
Мүмкін, дәл бүгін біреу үшін арман мамандығына бастар жол басталған шығар.