“№10 орта мектебі” КММ - де Өскемен қаласының Назарбаев зияткерлік мектептің өкілдерімен кездесу өтті. Оқушылар 6-сыныптан кейін мектепке түсу мүмкіндіктері, Назарбаев зияткерлік мектебінде оқудың артықшылықтары, сондай-ақ әлемдік деңгейдегі жетекші жоғары оқу орындарында білім алуды жалғастыру перспективалары туралы жан-жақты ақпарат алды.