«№10 орта мектебі» КММ-де 11-сынып оқушылары арасында мамандық таңдау және кәсіби өзін-өзі анықтау бойынша профориентациялық тестілеу өткізілді.
Зерттеу нәтижесінде түлектердің қызығушылықтары, бейімділіктері мен күшті қырлары айқындалды. Қорытындысы бойынша нәтижелерге талдау жасалып, жоғары оқу орны немесе колледж таңдау бағытында жеке ұсыныстар беріледі.
Мамандықты саналы таңдау — табысты болашаққа бастар маңызды қадам. Бітіруші түлектеріміздің қабілеттерін ашып, кәсіби қызығушылықтарын жүзеге асыруына қолдау көрсетеміз!