«№10 орта мектебі» КММ-де 10–11-сыныптарында
«Табысты адам — бақытты адам» тақырыбына сынып сағаттары өтті.
Бұл тақырып жоғары сынып оқушылары үшін аса өзекті болды, себебі дәл осы жаста өмірлік мақсаттар, құндылықтар мен басымдықтар туралы ойлану маңызды. Талқылау барысында оқушылар табыс пен жеке бақыттың өзара байланысы, сондай-ақ сыртқы жетістіктердің әрдайым ішкі жан дүниенің тыныштығына тең келе бермейтіні жөнінде ой қозғады.
Нәтижесінде оқушылар маңызды тұжырымға келді:
«Тек табысты болуға ұмтылу емес, өміріңнің мәнді болуына ұмтылу маңызды». Осындай кездесулер жасөспірімдерге өзін, өз құндылықтарын тереңірек түсінуге және өмірлік жолын саналы түрде таңдауға көмектеседі.