«№10 орта мектебі» КММ—нің 9-сынып оқушылары арасында Е.А.Климов әдістемесі бойынша кәсіби бағдарлау тестілеуі өткізілді.
Аталған әдістеме оқушыларға:
өздерінің кәсіби бейімділіктерін анықтауға,
негізгі қызығушылық салаларын айқындауға,
мамандықтар әлемінде дұрыс бағдар алуға,
саналы түрде кәсіби таңдауға дайындалуға көмектеседі.
Мамандық таңдау — әрбір жасөспірім өміріндегі маңызды кезең. Оқушы өз қабілеттері мен қызығушылықтарын неғұрлым ерте түсінсе, соғұрлым болашағын сенімді құра алады.
Жарқын болашаққа бірге қадам жасайық!