Кәсіптік бағдар беру бұрышы жаңартылды
ШҚО ББ Риддер қаласы бойынша «№10 орта мектебі» КММ
Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында «Мамандықтар әлемі» ақпараттық стенді жаңартылды.
Стендте не жаңартылды:
ШҚО-дағы сұранысқа ие мамандықтар атласы - 2026–2027 жылдарға арналған өңірге қажетті мамандықтар тізімі;
«Мамандыққа апарар жол» - ШҚО және ҚР колледждері мен жоғары оқу орындары, оқуға түсу шарттары туралы ақпарат;
Онлайн-тесттерден өтуге және кәсіби бейімділікті анықтауға арналған QR-кодтар.
Жаңартудың мақсаты - 8–11 сынып оқушыларына болашақ мамандық пен білім беру бағытын саналы түрде таңдауға көмектесу.
Барлық оқушыларды мектебіміздің 2-қабатындағы демалыс аймағында орналасқан материалдармен танысуға шақырамыз.
Кәсіптік бағдар беру мәселелері бойынша 29-кабинеттегі педагог-кәсіптік бағдар берушіге хабарласуға болады.
Мамандық таңдау - болашақты таңдау!