«№10 орта мектебі» КММ-де кәсіби бағдар беру іс-шарасы өтті
«Қазақстанның ғарышкер-қаһармандар. Ерлікке толы мамандықтың ерекшеліктері»
5 «В» сынып оқушылары Қазақстанның даңқты ғарышкерлерінің есімдерімен және ерліктерімен танысты:
Тоқтар Әубәкіров — қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкері, Талғат Мұсабаев — ғарышта ең ұзақ уақыт болған (341 тәулік) қазақстандық рекордсмені, Айдын Айымбетов — елдің ғарыш тарихын жалғастырушы лайықты тұлға.
Оқушылар ғарышкер мамандығының ерекшеліктері, денсаулыққа, білімге және жеке қасиеттерге қойылатын талаптар туралы білді. Сондай-ақ әлемдік ғарыш саласының аңызына айналған, Қазақстанның ғарышты игеруге қосқан үлесінің символы — «Байқоңыр» ғарыш айлағының рөліне ерекше назар аударылды.
Сабақ ойын, әңгіме, викторина және топтық тапсырмалар форматында өтті, бұл оқушылардың қызығушылығын арттырды. Балалар батырлардың өмірбаянын зерттеп: жұлдыздарға жол балалық шақтан басталады — табандылықтан, білімнен және үздіксіз еңбектен екенін маңызды қорытындыға келді
Іс-шара оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастырып, ел жетістіктеріне деген мақтаныш сезімін арттырды, сондай-ақ жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылықты күшейтті.
Ғарышкер мамандығы — қазіргі Қазақстандағы техникалық және физикалық дайындықтың шыңы. Кім біледі, бәлкім, біздің оқушылардың арасында болашақ ғарыш бағындырушысы өсіп келе жатқан шығар!