2025 жылғы 22 желтоқсанда Риддер қаласының тарихи-өлкетану музейінде Энергетиктер күніне арналған дәстүрлі ұрпақтар кездесуі өтті. Іс-шараға «№10 орта мектебі» КММ-нің 10 - 11-сынып оқушылары қатысты. Жоғары сынып оқушылары өңірімізде жұмысшы мамандықтарының сұранысқа ие екендігі, сондай-ақ қаламыздың өмірі мен дамуына маңызды рөл атқаратын энергетик мамандығының маңыздылығы мен абыройлылығы туралы ақпарат алды.