«№10 орта мектебі» КММ—де «Ғарыш тарихы. Ғарышкер мамандығы» атты кәсіби бағдар беру іс-шарасы өтті
5 «А» сынып оқушылары отандық және әлемдік ғарыш саласына қызықты саяхат жасады. Оқушылар адамзаттың ғарышты игерудегі ұлы жетістіктері, Ғаламды бағындырған батырлардың ерлігі мен рухының мықтылығы туралы білді және өз елінің жетістіктеріне деген мақтаныш сезімін сезінді.
Мектеп оқушылары ғарышкер мамандығы туралы түсініктерін кеңейтіп, жұлдыздарға апарар жол мектеп партасынан басталатынын ұқты. Ол үшін физика, математика, информатика және дене шынықтыру пәндерін терең меңгеру қажет екеніне көз жеткізді.
Іс-шара оқушылардың жаратылыстану бағытындағы пәндерге деген қызығушылығын арттырып, ғарышкер мамандығының күрделі әрі беделді жол екенін түсінуге көмектесті. Бұл жол үлкен дайындықты, табандылық пен мақсаткерлікті талап етеді.
Мүмкін, оқушыларымыздың арасында болашақ ғарыш бағындырушысы өсіп келе жатқан шығар!