Мектебімізде 6-сынып оқушыларына арналған «Қазақстанның жаңа мамандықтар атласы — сенің болашағың» атты кәсіби бағдар беру іс-шарасы өтті.
Оқушылар Қазақстанда 2030 жылға дейін сұранысқа ие болатын мамандықтармен танысты:
киберқауіпсіздік маманы;
жаңартылатын энергия инженері;
биоинженер;
дрон операторлары;
үлкен деректер талдаушысы.
«Жаңа мамандықтар атласымен» жұмыс барысында оқушылар болашақ еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болу үшін бүгіннен бастап қандай дағдыларды дамыту қажет екенін білді.
Іс-шараның мақсаты — мектеп пәндері мен болашақ мамандық арасындағы байланысты көрсету, сондай-ақ оқушылардың өмірлік жолын саналы түрде таңдауға бағыт беру.
Белсенділік танытып, қызығушылықпен қатысқан оқушыларға алғысымызды білдіреміз!
Балалар өздерінің табысты болашағы бүгіннен басталатынын түсінді.