Тілдік лагердің 5-күні «Қазақтың ақын-жазушылары» тақырыбында өткізілді. Күн барысында оқушылар қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерімен танысып, олардың шығармашылығы туралы мағлұмат алды. Ерекше назар жерлес жазушы Оралхан Бөкей шығармашылығына аударылды. Оқушылар жазушының өмірі мен еңбектері туралы мәліметтермен танысып, қызықты деректер білді.
Іс-шара барысында оқушылар әдеби викторинаға қатысып, өз білімдерін көрсетті. Сонымен қатар «Менің сүйікті кейіпкерім» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылып, оқушылар шығармашылық қабілеттерін танытты. Күн өте қызықты әрі танымдық деңгейде өтті.