«№10 орта мектебі» КММ - де 6 «В» сыныбының оқушылары қалалық балалар кітапханасында өткен «Өмір - ол бізді сүйетін жер» атты іс-шараға белсене қатысты. Аталған шара армян жазушысы Наринэ Абгарянның 55 жылдық мерейтойына арналды
Оқушылар жазушының өмірі мен шығармашылығымен танысып, жылулыққа, мейірім мен шынайы адамгершілік құндылықтарға толы шығармаларын талқылады. Осындай іс-шараларға қатысу оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға, дүниетанымын кеңейтуге және рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етті.