«№10 орта мектебі» КММ - де «Заң және тәртіп» айлығы аясында 1-11 сыныптарда «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбына сынып сағаттары, сондай-ақ қауіпсіздік сабақтары өткізілді
Іс-шаралар барысында оқушылар заңдарды сақтаудың маңыздылығын, адалдықты, жауапкершілікті және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелерін талқылады, сонымен қатар жеке және қоғамдық қауіпсіздік ережелерімен танысты.
Осындай сабақтар жас ұрпақтың бойында белсенді азаматтық ұстанымды тәрбиелеуге, заң мен тәртіпке деген құрметті қалыптастыруға ықпал етеді.