Жаңа жылдық шыршаны орнату кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз!
Өртке қарсы өңдеуден өткен шыршаларға артықшылық беріңіз.
Шыршаны тұрақты тұғырға орнатып, оны жылыту құралдарынан алыс қойыңыз.
Зауытта жасалған, ақаусыз электр гирляндаларын ғана қолданыңыз.
Тыйым салынады: шыршаны шамдармен, мақтамен және басқа да жанғыш материалдармен безендіруге.
Иллюминацияда ақау анықталған жағдайда (сымдардың қызуы, шамдардың жыпылықтауы, ұшқын шығуы) гирлянданы дереу электр желісінен ажыратыңыз.
Түнде және үйден шығарда гирляндаларды өшіруді ұмытпаңыз.
Жаңа жылдық шырша орнатылған бөлмеде өрт сөндіргіш болуы тиіс.
Өрт болған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз.