Каникул кезеңіндегі педагогтердің жұмыс жоспары аясында «Зерттеушілік бағыт» тобының жетекшісі А.Ю Кузнецова команда мүшелерінің жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында төмендегілер талқыланды:
— авторлық және оқу бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және жүзеге асырылуын мониторингтеу бойынша әдістемелік ұсынымдар;
— сараптамалық кеңестің жұмыс қағидалары мен оқу-әдістемелік кешенге қойылатын талаптар;
— ғылыми-әдістемелік мақалаларды жариялауға арналған алаңдар тізімі.
Кездесу нәтижелі әрі сындарлы өтті: алдағы қадамдар айқындалып, даму және кәсіби өсу перспективалары белгіленді.