Риддерде педагогтерге арналған құқықтық семинар өтті
2026 жылғы 19 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «№10 орта мектебі» КММ—де педагогикалық ұжым үшін құқықтық семинар өткізілді.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Білім министрлігінің 2026 жылғы 9 ақпандағы № 3-21-6/941 хаттары негізінде ұйымдастырылып, педагогтердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ психологиялық-
педагогикалық қолдауды қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы тәжірибелікке қолдануға бағытталды.
Семинар барысында педагогтер соңғы өзгерістер мен толықтырулармен:
* Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы Кодексінде (2014 жылғы 5 шілдеде, 30.12.2025 жылғы 30 желтоқсандағы редакциясы),
* Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңында (2025 жылғы 30 желтоқсанда),
* сондай-ақ әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің нормаларымен танысты.
Осындай іс-шаралар педагогтердің заңнамалық нормалардан хабардар болуына, құқықтық аясында әрекет етуіне және қауіпсіз, заңға сай білім беру ортасын құруға септігін тигізеді.