20.03.2026 күні жаратылыстану-математика пәндері әдістемелік бірлестігінің «Пәнаралық өзара әрекеттесу және STEAM-білім беруге ЖИ интеграциясы» тақырыбында отырысы өтті.
Дөңгелек үстел форматында заманауи білім берудің өзекті мәселесі талқыланды — «ЖИ дәуіріндегі функционалдық сауаттылық — заманауи ғылымға бастар жол».
Педагогтер тәжірибе алмасып, жасанды интеллектіні оқу үдерісіне енгізу мүмкіндіктерін қарастырды. Сонымен қатар пәнаралық ықпалдастықтың оқушылардың талдау жасау, сыни ойлау және нақты өмірлік міндеттерді шешу дағдыларын қалыптастырудағы рөлі талқыланды.
Бүгінгі STEAM — бұл жай ғана бағыт емес, зерттеу, тәжірибе және жаңа білім беру шешімдерінің кеңістігі.
Ғылымды, технологияны және педагогикалық шеберлікті біріктіре отырып, алға қадам басудамыз!