Мектепте педагогтерге арналған «Қарулы шабуыл кезіндегі мектеп қызметкерлерінің әрекеттері» тақырыбына нұсқама жүргізілді.
Кездесу барысында төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл алгоритмдері, хабарлау тәртібі және оқушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қарастырылды.
Әсіресе әрекеттердің үйлесімділігіне, сабыр сақтауға және қауіп төнген жағдайда жедел әрекет етуге ерекше назар аударылды.
Балалар мен қызметкерлердің қауіпсіздігі — біздің басты басымдығымыз. Тұрақты алдын алу жұмыстар кез келген төтенше жағдайға дайын болуға және нақты, сауатты әрекет етуге көмектеседі.