Мектебімізде мемлекеттік қорытынды аттестаттауды (МҚА) ұйымдастыру және өткізу мәселелеріне арналған емтихан комиссиясының отырысы өтті.
Кездесу барысында қатысушылар емтихан өткізу ережелері мен нұсқаулықтарымен танысып, маңызды ұйымдастыру мәселелерін талқылады.
Отырысқа бітіруші сыныптардың сынып жетекшілері, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары және емтихан комиссиясының мүшелері қатысты.
Түлектерімізге сәтті дайындық пен емтихандарда жоғары нәтиже тілейміз!
