III тоқсан қорытындылары мен білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру тақырыбында әдістемелік бірлестік отырысы өтті.
Баяндама жасаған – Амраева М.А. Кездесу барысында үшінші тоқсанның қорытындылары шығарылып, атқарылған жұмыстарға жан-жақты талдау жасалды және алдағы жұмыстың негізгі бағыттары айқындалды.
Білім сапасын арттыру, оқу үдерісіндегі олқылықтарды анықтау және жою, сондай-ақ білім алушылардың оқу мотивациясын күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Педагогтерге білім беру үдерісінің тиімділігін арттыру бойынша практикалық ұсынымдар берілді.
Жұмыс жалғасуда — жаңа жетістіктер мен табыстарға бірге қадам басамыз!