Кездесу барысында тәрбие жұмысының маңызды әрі өзекті мәселелері қарастырылды.
Педагог-психолог К.В Ковшова келесі бағыттар бойынша әдістемелік ұсынымдар ұсынды:
суицидтің алдын алу
кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығын қамтамасыз ету
буллингтің алдын алу
«тәуекел тобына» жататын білім алушыларды анықтау
Тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Л.С Гогонел III тоқсан бойынша тәрбие жұмысына талдау жасап, педагогтерді IV тоқсанға арналған жұмыс жоспарымен таныстырды.
Сондай-ақ сынып жетекшілерінің құжаттаманы жүргізуі бойынша ұсынымдар беріліп, оқу жылы қорытындысы бойынша есеп беру материалдарын тапсыру мерзімдері белгіленді.
Семинар сындарлы әрі іскерлік жағдайда өтті. Әріптестерімізге белсенді қатысқандары және кәсіби көзқарастары үшін алғыс білдіреміз!